Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Баланы ашық терезеден қорғаңыз!

      Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуына байланысты тұрғындар пәтерлерді жиі желдете бастады. Ал ата-аналар мен туыстары үйден жиі шығып кетеді немесе балалардың белсенділігі мен әр нәрсеге құмарпаздығын естен шығарып, үй жұмыстарымен алаңсыз айналысады. Балалар ашық терезенің қаншалықты қауіпті екенін білмей, жақын барып ойнайды. Қазіргі заманғы терезелердің балалардың өздері ашып алуына ыңғайлы екенін есте ұстау қажет. ІІМ тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Баланың терезеден немесе балконнан құлау қаупін азайту әрбір ата-ананың қолынан келеді. Үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыз. Терезенің қорғанышы болмаса москит торларын пайдаланбаңыз. Баланы, әсіресе, терезелер мен шыны есіктердің жанында қараусыз қалдырмаңыз. Баланың терезе алдына шықпауы үшін терезенің жанына жиһаз қоймаңыз. Балаларға терезенің жанындағы жиһазға немесе басқа төсекке секіріп ойнауына жол бермеңіз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету маңызды. Үлкен балаларды кішілерге қарауға үйрету. Балалар бөлмесінің терезелеріне керек-жарақтарды мұқият таңдаңыз. Атап айтқанда, күннен қорғау құралдары – жалюздер мен рулонды перделер жарқырайтын баулар мен тізбектерсіз болуы тиіс. Абай болыңыз және сақ болыңыз! Есіңізде болсын, балалардың үйдегі қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-аналар жауап береді.

 

Директорға сұрақ қою