Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

«Театр өнері» бағыты аясында театр саласын түсіндіру

Театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп баға беруі де тегін болмаса керек. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елестету әсте мүмкін емес.
2024 жылдың 11 қаңтар күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясының 4 «А» сынып оқушыларына аға тәлімгер Г.О.Амирова «Ұлағатты ұрпақ» жобасының «Театр өнері» бағыты бойынша «12 ай» ертегісін айтып, видеолар көрсетті. Оларға осы ертегіні түсіндіре отырып, наурыз айында қойылым қоюға тапсырма берілді. Әр қойылымның сахнаға сәтті шығып, халықтан лайықты бағасын алуында ұжым бірлесе жұмыс атқарады. Театрда көрерменге көрінетін тек әртістер болғанымен, сахнаның сыртында қанша адамның еңбегі жатқаны анық. Режиссер, суретшілер, жарық, дыбыс беруші мамандардың жұмысы маңызды рөл атқаратынын айтып, түсіндірді.
#ұлағаттыұрпақ

Директорға сұрақ қою