Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Жетістіктермен бөлісетін кез! ?

10 қазан 2024 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде өткен "Сәкен Сейфуллин: халыққа арнаған өмір" атты халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" республикалық пікірсайыс турнирінде гимназиямыздың "РУХ" дебат клубының мүшелері 10 "Б" сынып оқушысы Ескермес Ернұр мен 9 "Д" сынып оқушысы Ілияс Мұхамедәлі жүлделі 2-орынға ие болды! ? Керемет дайындық пен табандылық көрсеткен жетекшілері Абдурахманова А.Н. және Жуманазарова Ж.П. алғысымыз шексіз! ?
Ал 8 қараша күні өткен «Жалын Кап» турнирінде де жеңістен құр алақан қалмадық! Ақмола облысы мен Астана қаласының пікірсайысшы жастарының тартысты ойынында Ескермес Ернұр мен 9 "Л" сынып оқушысы Харияти Мағжан топ жарып, 1-орынды иеленді! ? Сонымен қатар, Ескермес Ернұр «Үздік спикер» атағына лайық деп танылды! ? Оқушыларымыздың жетістіктерін қолдаған жетекшісі Абдурахманова Асемгуль Нурлановнаға шексіз ризашылығымызды білдіреміз! ?
Жеңісті күндеріміз жалғаса берсін! ?
#РУХДебатКлубы #Пікірсайыс #Жетістіктер #Қолдау

Директорға сұрақ қою