>

Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Адал ұрпақ

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік эстафетасы» атты видео-челлендж өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ еріктілік қызметке қызығушылығын арттыру.

Видео-челлендж барысында қатысушылар күнделікті өмірде жасаған игі істерін бейнежазбаға түсіріп, «Мен мейірімді адаммын» деген ойды насихаттады. Әр қатысушы мейірімді ісін жалғастыру үшін келесі қатысушыға эстафета жолдап отырды.

Аталған шара жастарды ізгілікке тәрбиелеуге, қоғамға пайдалы іс атқаруға ынталандырып, өзара қолдау мен бірлікті нығайтуға ықпал етті.


Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Білім басқармасының бірлесуімен нашақорлықтың алдын алу бағытында іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны Кусаинова Айгүл Мендибаевна өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беру және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Іс-шара барысында тақырыптық әңгіме, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Оқушылар белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алды.



Адалдық — адамгершіліктің басты негіздерінің бірі, адамның ішкі әлемінің тазалығы мен шыншылдығын көрсететін қасиет ."Адалдық — адамдықтың басты белгісі" тақырыбында 5 "а" сыныбында  адалдық сағаты өткізілді. Іс-шара барысында  адалдық-адамның жүрегінің тазалығы мен қоғамға деген жауапкершілігі екендігі айтылып, оқушылар адалдық туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен бірге , адалдық туралы бейне фильм тамашалап, ол туралы талдау жасалды. "Адал болу — бұл қиын, бірақ ең дұрыс жол. Егер әрқайсымыз адал болсақ, әлемді жақсартуға өз үлесімізді қосар едік"- деген тұжырыммен қорытындыланды. Өткізген: Жорабаева Ж.Е. тарих пәні мұғалімі, Нұрғалиқызы А. ағылшын тілі мұғалімі
 

 
АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Толығырақ
8 “В” сынып
 
 
 
Адалдық сағаты
Сынып сағатының мақсаты:

- Оқушыларға адалдық, шыншылдық, әділдік ұғымдарының маңыздылығын түсіндіру.
- Адалдықтың қоғамда орын алуы және адамның жеке өміріндегі рөлі туралы білім беру.
- Оқушыларды адал болуға, өтірік айтпауға, сөзінде тұруға және жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Адалдық пен әділеттілікке қатысты моральдық және этикалық қағидаттарды ұғындыру.
- Әлеуметтік ортада адалдықты насихаттап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда жас ұрпақты адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеп, қоғамда дұрыс моральдық құндылықтарды қалыптастыру. Толығырақ
 
 
7 “Ж” сыныбында “Адалдық”сағаты өткізілді 
Мақсаты: оқушыларымызды адалдыққа, парасаттылыққа, шынайы болуға бағыт бағдар беру.
Қоғамда сенімділік пен әділдік қағидаларын нығайту.
#Біртұтас_тәрбие
#Адал_ұрпақ