Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Жазғы лагерь

“ЖАЗ 2024” мектеп жанындағы лагерінің 3-кезеңіне хабарландыру

 

 

Оқушылардың жазғы демалысы “ЖАЗ 2024” мектеп жанындағы лагері жазғы каникул маусымдарында
- 1,2,3,4 - сыныптар “БАЛАУСА” лагері,
- Бейінді лагері - 5,6,7,8 - сыныптар, пәндік оқулар,
- “Дидарлы жаз” спорттық ойын,
- “Айбынды маусым” -8-10 сыныптар,
- “Саржайлау” ұлттық этнолагерь ұйымдастырылады.
Лагерь жұмысына оқушылардың жазғы демалысын қызықты ойындар мен зияткерлік, шығармашылық, түрлі өнер, танымдық сайыстары, дебат, ұлттық ойындар мен ұлттық қолөнер, ұлттық киімдер, ән, би, күй, “Оқуға құштар мектеп” жобасы жүзеге асырылады. Оқушылармен қатар, “Ата- аналарды педагогикалық қолдау” жобасы , Қамқоршылық кеңесі, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесе іс- шара бағдарламалары жүргізіледі.

Ілияс Есенберлин атындағы #67 гимназия оқушылары мен ата- аналарын жазғы демалысты қызықты өткізуге, ұйымдастыруға ат салысуға шақырады.

#білім_басқармасы
#жазғы_лагерь

 

Мектеп жанындағы жазғы лагерінің ұлттық құндылықтарды дәріптеу көрмесі

 

2024 жылғы 28 маусым күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында «Мектеп жанындағы жазғы лагерінің ұлттық құндылықтарды дәріптеу көрмесі» өткізілді. ”Мектеп жанындағы жазғы лагерьлер келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- “САРЖАЙЛАУ” этнолагері
- “БАЛАУСА” лагері
- “РОБОТОТЕХНИКА” курстық-лагері
- “АЙБЫНДЫ МАУСЫМ” әскери -спорттық лагері
- “ДИДАРЛЫ ЖАЗ” спорттық-ойын лагері.
Жиынымыз гимназия директоры Кабылова Нұрсұлу Қалжігітқызының алғысөзімен ашылып, қадірлі қонақтарымыз Сарыарқа аудандық әкімдігінің білім беру мекемелерінің кураторы Нұржанова Айнұр Сауанқызы , “Бабалар аманаты” ұйымының жетекшісі Арайлым Рахымқызы, Астана қаласы әкелер одағының төрағасы Күзембаев Бекдайыр Нұғметұлы өзінің жүрекжарды тілектерімен бөлісті. Сонымен қатар келген қонақтарымызға гимназиямыздағы Ілияс Есенберлин мұражайы таныстырылды. Іс-шарада гимназиямыздың өнерлі оқушыларының әндері шырқалып, мың бұралған биші қыздарымыз өнер көрсетті. Киіз үй алдында “Ұлттық мұра” шеберлер көрмесі көрсетіліп, ұлттық ойындар: асық ату, арқан тартыс, қазақ күресі сайыстары ұйымдастырылды. Келген қонақтарымыз киіз үй ішіндегі дастарханнан дәм татты. “Бабалар аманаты” ақ кимешекті киелім әжелер тобы шашуларын шашып, келген қонақтарымызға сый-сияпаттарын беріп, киіз үй ішінде ән шырқады. Әжелеріміз келген қонақтарға, мектеп ұжымына, лагерь оқушыларына өз алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді. Келген қонақтарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге гимназия ұжымы атынан алғыс білдіреміз.

#білім_басқармасы
#жазғы_лагерь

 

 

«САРЖАЙЛАУ» этнолагері және «БАЛАУСА» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты

 

 

Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда 2024 жылдың 3 маусым күні оқушылардың жазғы тынығу және ұлттық құндылықтар негізінде этномәдени демалысын белсенді ұйымдастыру мақсатында «САРЖАЙЛАУ» этнолагері және «БАЛАУСА» жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Лагердің ашылу мерекесіне депутат Смаилов Бауыржан Амангельдинович және «Бабалар аманаты» ақ кимешек әжелері Бибісара Сарымқызы мен Майра Шәмшіқызы қатысты. Лагердің ашылу салтанатына арналған құттықтау сөзін гимназия директоры Кабылова Нұрсұлу Қалжігітқызы бастап, еліміздің болашағын қалайтын жас балғындарға жазғы демалыстарын жақсы өткізуге, түрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға қатысуға шақырды. «САРЖАЙЛАУ» этнолагерінде қазақтың киіз үйі құрылып, ұлттық қолөнер көрмесі және ұлттық асық ату ойыны, бестас, арқан тартыс, тоғызқұмалақ ойындары жүргізілді. Мерекелік бағдарламада қазақ халқының домбыра аспабымен «Ақжелкен» домбырашылар ансамблі күйі орындап, ұлттық ән-билер мен өзге ұлт мәдениетінің өнерлері тамашаланды. Лагердің мерекелік ашылуына қатысқан ата-аналар мен қонақтар өз ұйымдастырылған іс-шараға игі тілектерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Оқушылардың жазғы демалысы "ЖАЗ 2024" мектеп жанындағы лагері жазғы каникул маусымдарында
- 1,2,3,4 - сыныптар "БАЛАУСА" лагері,
- Бейінді лагері - 5,6,7,8 - сыныптар, пәндік оқулар,
- "Дидарлы жаз" спорттық ойын,
- "Айбынды маусым" -8-10 сыныптар,
- "Саржайлау" ұлттық этнолагерь ұйымдастырылады.
Лагерь жұмысына оқушылардың жазғы демалысын қызықты ойындар мен зияткерлік, шығармашылық, түрлі өнер, танымдық сайыстары, дебат, ұлттық ойындар мен ұлттық қолөнер, ұлттық киімдер, ән, би, күй, "Оқуға құштар мектеп" жобасы жүзеге асырылады. Оқушылармен қатар, "Ата- аналарды педагогикалық қолдау" жобасы , Қамқоршылық кеңесі, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесе іс- шара бағдарламалары жүргізіледі.

Ілияс Есенберлин атындағы #67 гимназия оқушылары мен ата- аналарын жазғы демалысты қызықты өткізуге, ұйымдастыруға ат салысуға шақырады.

#білім_басқармасы
#жазғы_лагерь

Директорға сұрақ қою