Ата – аналардың (заңды тұлғалардың) және басқа тұлғалардың мектепте болу тәртібі
1. Жалпы ережелер
- Білім беру мекемесінде болу мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
- Белгіленген кездесу туралы мектеп қызметкері алдын ала күзет қызметіне жазбаша түрде хабарлайды.
- Сынып жетекшілері сыныптың ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің отырыстары және бөгде адамдардың қатысуымен өтетін өзге де іс-шаралар туралы мектепке келушілерді есепке алу журналына міндетті түрде жазып, алдын ала мектеп әкімшілігіне және кезекші күзетшіге хабарлауға міндетті.
- Бастауыш сынып мұғалімдері оқу күнінің аяқтау уақыты туралы ата-аналарға алдын ала айтуы керек, сабақ аяқталған соң балаларды киіндіріп, мектептен бірге шығарып салады.
- Балаларын мектепке сабаққа, қосымша сабақтарға (секциялар, үйірмелер,факультативтер) алып келген немесе алып кетуге келген ата-аналар балаларын мектептің 1-қабатындағы вахтаның жанында холлда күтіп тұрады.
- Мектепте болу кезінде мыналарға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- Қоғамдық тәртіпті бұзуға:
- Өзімен бірге оқ атылатын, газ, пневматикалық және суық қару, пиротехника, арнайы қорғаныс құралдарын, есірткі заттарын алып жүруге:
- Спирт ішімдіктерін өзімен алып келуге және ішуге, темекі шегуге;
- Мектеп қызметкерлеріне, оқу үдірісіне кедергі жасауға;
- Өзімен бірге жануар ертіп келуге;
- Сауда жасауға және жарнама жұмысымен айналысуға.
- Мектептің ішінде және ауласында видиоға немесе суретке тусіруге
7. Мектеп қызметкерлері мектепке келушіні мынадый тәртіп бұзған жағдайда шығарып жіберуге құқылы:
- Қоғамдық тәртіпті бұзған және объектіге қауып туғызған жағдайда;
- Мектеп аумағында мақсатсыз жүргенде және объектінің қалыпты қызметіне кедергі жасағанда;
- Мектеп ішіндегі және сыртындағы мүлікке қол сұққан жағдайда;
- Мектеп қызметкерлері мен оқушыларына дөрекілік танытқанда;
- Мектепке келуші өз іс-әрекетіне жауап бере алмағанда, жанжал туғызғанда, басқа келушілердің ар-намысына тигенде.
8. Шұғыл жағдайдағы барлық мәселелерді кезекші әкімші шешеді.
2. Ата – аналардың мектепте болу тәртібі
1. Ата-аналардың мектепке кіруіне мектеп әкімшілігімен немесе педагогтармен алдын ала келісім бойынша рұқсат беріледі.
2. Мектептің басқа қызметкерімен кездесу үшін мыналар қажет:
- Кездесу уақыты мен орны туралы алдын ала келісу;
- Мектепке белгіленген уақытта жеке басын куәландыратын құжаттармен келуі;
- Вахтерге келіп, өзінің келгенін тіркеуі керек: аты-жөнін айту, келу мақсатын, кездесу белгіленген мектеп қызметкерінің аты-жөнін айту, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы;
Естеріңізде болсын! Мұғалімдермен кездесу тек оқу үдірісі аяқталған соң ғана жүргізіледі!
Сабақ кезінде мұғалімді және оқушы шақырып алуға тыйым салынады!
3. Ата-аналардың мектепке тіркелмей кіруіне тек мына жағдайларда ғана рұқсат беріледі:
- Ата-аналар жиналысы;
- Ашық есік күндері;
- Мекерекелік іс-шаралар.
3. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу
- Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу (бөгде тұлғалар деп білім беру үдерісін тікелей іске асыруға байланысы жоқ және мектепте оқымайтын немесе олардың ата-анасы олардың заңды өкілдері емес азаматтар) оларға тек білім мекемесі әкімшілігінің келісмі бойынша рұқсат беріледі.
- Мектеп әкімшілігінің рұқсатымен бөгде тұлғаларды кіргізу тек мектеп вахтасындағы журналға келу мақсаты міндетті түрде жазылып, жеке басын анықтаған соң кіргізу мүмкін болады.