Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Ата-аналар блогы

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР


ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес (ҚР 27.07.2007 ж «Білім туралы» Заңы) ұсынады:

-41 бап 1 т. «Білім беру мекемесі жарғысында білім мекемесі, білім алушылар, тәрбиеленушілер, олардың ата–аналары және заңды өкілдерімен қарым–қатынас тәртібі болуы тиіс»

-47 бап 14 т. «Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті»

-49 бап 2 т «Ата–аналар және заңды өкілдері білім мекемесінің жарғысында айқындалған ережелерді сақтауға міндетті»

-49-бап Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері:

-бала тәрбиесінің негізі ата – анада жатқанын естен шығармау;

➣ бастауыш сыныпта оқитын балалардың мектепке келіп кету қауіпсіздігіне жауаптылықпен қарап, бірінші

сыныптағы балаларды өздері әкеліп, өздері әкету міндеті тек ата-анаға жүктеледі;

➣  мектеппен және білім беретін мекемелермен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмауға;

➣  балалардың өмірі үшін, оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан

қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;

➣  оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таң ертең уақытылы балаларын қадағалауға;

➣  балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға;

➣  балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

➣  оқушының күнделікті білімін қадағалап отыру;

➣  үйде баланың үй тапсырмасын орындауын қадағалау;

➣  көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға

➣  өрт, суға шомылу қауіпсзідігін сақтауды түсіндіруге


Ата-ана баланың сабаққа қатыспайтындығы туралы сынып жетекшіге хабарлауы:

✐   себебін көрсете отырып, жазбаша түрде бірінші күні хабарлауға міндетті.

☤     жоспарлы түрде сабақ босатылатын болса, мысалы дәрігердің қабылдауына бару;

☎  алдын-ала күнін және себебін көрсетіп хабарлама жазып жіберу керек.



Мектеп формасы
Жалпы білімді қамтамасыз ететін шаралар негізінде ата-аналар міндеті:


ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы №26 бұйрығымен міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар:

 «Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, Мектеп формасы ақ кофта, рубашка қара көк юбка, шалбар түстерден таңдалады.

 «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін (қыз балалар басына орамал, кимешек тағуға, ұл балалар балағы тобықтан жоғары киілетін шолақ шалбар киуге) қосуға болмайды»

 Шашты ашық , сары, қызыл түске бояу, назарды аудартатын косметика, маникюр, зергерлік бұйымдарды қолдануға, көзді жауып тұратын шаш үлгілерін қидыруға тиым салынады.

 Мектеп формасы жайлы талаптарды сақтамаған оқушыларды мұғалімдер, сынып жетекшілері ата-анасына хабарласып, ретке келтіру қажет және мұны мектеп әкімшілігіне хабарлауы тиіс.

 Мектеп ішінде екінші аяқ киімін ауыстыру




Ата-ананың бала өмірінің қауіпсіздігіне жауаптылығы мен міндеттері:


❗  Балаға зорлық көрсетуден, озбырлық, зорлық-зомбылық көрсетуден қорғау;

❗  Жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсетуден қорғау;

❗  Балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету;

❗  Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керектігін түсіндіру;

❗  Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

❗ Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтардан жүрмеуге үйрету.

❗ Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз, жауапкершілік өзіңіздің міндетіңізде;

❗ Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлау міндетіңіз;

❗ Жолдан өту ережесін сақтауда балаларды жол ережесін білуге үйретуге міндетті;

❗ Қыста жол бойында ойнау-қауіптілігі мен көк тайғақта жүру қауіпін үнемі ескертуге;

❗ Оқушыларды төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету міндеттеледі;

❗ Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, өрт болған жағдайда қауіптің алдын алуға үйретуге;

❗ Көлшік судың немесе көктемгі тасқын судың қауіптілігін үйретуге міндеттеледі



Ата- аналарға әсер ету және оларды қолдау шаралары


⓵  Ата-аналар мұғалімдерден қосымша ақпараттар алуға құқылы, қойылған бағалар, оқушының үлгерімі және балаға қиындық тудыратын жайттар туралы жеке консультациялар арқылы түсінік ала алады, гимназияда қалыптасқан дамытушылық сұхбаттарына және басқа да ақпараттық хабарламаға қатыса алады.

⓶  Егер де балаға берілген анықтамада көрсетілген себептерге күдіктенетін болса және оқушы сабақты көп босатқан жағдайда, мекеме қызметкерлері ата-анасынан қосымша түсініктеме талап етуге құқылы.

⓷  Егер ата-ана оқушының сабаққа қатыспайтыны жайлы хабарламаған болса және оның себебін анықтау мүмкін емес жағдайда, мекеме екінші күні оқушының мекен-жайы бойынша барып жолыға алады.

⓸  Барлық сабақ сағаттарының тоқсан бойынша 20 пайызын себепсіз босатқан болса, ол оқушының аты-жөні білім басқармасына жіберіледі.



Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы «31» тамыздағы
№ 444 бұйрығына қосымша



✅  Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдерінің өтініші негізінде ( созылмалы ауруы бар немесе ауруы өршуі кезінде және т.б.) үй жағдайында асинхронды (өздігінен) оқытуға рұқсат беріледі. Асинхронды (өздігінен) оқыту білім алушының  ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді.

Асинхронды (өздігінен) оқыту кезінде білім алушы:

ҚАУЛЫСЫ

 2021 жылғы 25 тамыздағы 36


✅  Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері білім алушыларды ұйым ғимаратына кіретін есіктерге дейін ертіп апарады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді.

✅  Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, педагогтар құрамына және білім беру объектісінің қызметкерлеріне қызмет көрсетеді.

✅  Күнделікті сабаққа келген оқушы санитарлық талап ережелеріне сәйкес МАСКА кию, қолын АНТИСЕПТИК-пен залалсыздандыру.

✅  Ата-ана мектеп жасындағы баланың үйде және гимназияда оқуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның дамуына мүмкіндік беруге міндетті. Ата-ана гимназияға өзінің мекен-жайы, байланыс телефоны туралы хабарлайды және оның өзгергені жайлы алдын-ала ескертеді. 

Ата-ана оқу процесін реттейтін негізгі құжаттармен, мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныса отырып, өзінің тәрбиелік күш-жігерін бала тәрбиесіне жұмсайды.





Директорға сұрақ қою