Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
 |
Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан І.Есенберлин атындағы №67 гимназия 2011 жылдың 04 сәуірінде ашылды.
Білім ордасының негізгі ұстанымы: «Бақытты бала қаланатын, әр баладан үміт күтетін жайлы білім беру ортасын құру»
Ерекшелігі: Үш мыңнан аса білім алушысы бар гимназиямыз лингвистикалық бағытта білімді тереңдетіп оқытуды көздейді және ағылшын тілімен қатар неміс, француз, қытай тілдері пәндерін оқытып, екінші шет ел тілдерін меңгертіп шығарады.
2019 жылдан бастап Кембередж университетімен бірлесіп «Action Reserch» іс-әрекеттегі халықаралық зерттеу жобасы мен «Lesson Study» педагогикалық әдістемені жетілдіруге бағытталған зерттеудің әдістеріне қатысуда. Жобалардың негізгі мақсаты: Мұғалімдер тәжірибесінен зерттеуді енгізе отырып, білім беру сапасын арттыру барысында серіктес мектептермен іс-тәжірибе алмасып, «Мағжан педагогикасы», «Бірге оқимыз, бірге шешеміз», «Мен таңдаған жол», «Ғылыми бағдаршам», «Тәлімгерлер» жобалары жүзеге асырылып отыр.
|
Директор: Ильясова Назира Аскаповна
Туған жылы: 17.04.1971 ж.
Білімі: жоғары, Е.Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Жалпы еңбек өтілі: 35 жыл
Қызмет жолы:
- *1991 жылдан 2005 жылдар арасында "Теміртау қаласының №15 қазақ мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
- *2005 жылдан - 2015 жылға дейін «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде әдіскері;
- *2015 жылдан - 2019 жылдар аралығында «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында» басшының орынбасары;
- *2019 жылдан - 2023 жылға дейін «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маманы;
- *2023 жылдан бастап «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
- *2025 жылдың 2 желтоқсанынан бастап, Астана қаласы І.Есенберлин атындағы № 67 гимназия директоры;
Марапаттары:
- ҚР Оқу - ағарту министрлігінің білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі.
- Қарағанды облысының "Үздік директорлары" номинациясы 2025ж.
- 3.Қарағанды облысының білім басқармасының еліміздегі білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлестері мен адал қызметі үшін Құрмет грамоталары.