Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Мұражай

«Атбасар қаласы»
«Ілияс Есенберлиннің әдеби мұражайына саяхат»

     

11.05 күні гимназиямыздың 10-сынып оқушылары және тарих пәні мұғалімдері Ақмола облысы, Атбасар қаласында орналасқан еліміздің біртуар азаматы, белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің музейіне экскурсия жасады. Жазушының өмірбаянынан сыр шертетін барлық тарихи жәдігерлерімен музей директоры Ұлбосын Даниярқызы таныстырып шықты. Соңында әр оқушыға естелікке және аталарыңның бойындағы ізгі қасиеттері дарысын деген тілекпен қаламсап сыйлады. Одан басқа оқушыларды қаланың орталығында орналасқан І. Есенберлин атындағы қалалық кітапханамен, І. Есенберлин атындағы мектеппен және орталық алаңдағы І. Есенберлин ескерткішімен таныстырып, естелік суреттерге түсті. Оқушылар да, ұстаздар да рухани азық алып қайтты. Ол туралы өз ойларымен де бөлісіп жатты. Құшақ жая қарсы алған музей және кітапхана қызметкерлеріне алған әсерлеріміз үшін алғыс білдіреміз.

 

Ілияс Есенберлин өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы стенд

 

 

Директорға сұрақ қою