Мектепке қабылдау
«Балақайлар мектебі-2024» - мектепалды даярлық қысқа мерзімді курсының өтілу процесі
28.06.24 жылдың 4 аптаның 5 күні
"Балақайлар мектебі" Мектеп алды даярлық тобында Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия 2023-2024 оқу жылының «Саржайлау» этнолагерінің жабылу салтанатына балалар қатысып, концерттік бағдарламаны бірге көріп тамашалады. Балалар асық ату, арқан тарту ойнына қатысты. Қорыта келсек, баланы мектепке дайындау бойынша міндеттерді табысты іске асыру отбасынан басталады. Педагогикалық процестің әрбір қатысушысы балалармен маңызды және жауапты жұмысты жүзеге асыруда өзінің баға жетпес үлесін қосады. Осылайша, педагогикалық процестің барлық қатысушыларының ойластырылған және жүйелі қызметі баланың жеке қабілеттерін ашуға, денсаулығын нығайтуға, ой-өрісін кеңейтуге және оны 1- сыныпта оқуға тез бейімделуге мүмкіндік береді.
27.06.24 жылдың 4 аптаның 4 күні
"Балақайлар мектебі" Мектеп алды даярлық тобында «Ұлттар достығы » кезекті сабағымыз өткізілді. Сабағымызды ҚР әнұранынан бастадық. Тілі бөлек болғанменен тілегі бір, Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл. Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр. Осы өлең шумағымен балаларға «Ұлттар достығы» деген сөздің мағынасы түсіндірілді. Балалар бүгін біз ұлттар достығы жайлы білетін боламыз. Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай. Мақалдың мағынасы түсіндіріліп кетті.Бейне таспа көре отырып елімізде қанша ұл өкілдері жайында айтып отырды.Суреттермен жұмыс жүргізілді. Сабақта балалар белсене қатысты.
26.06.24 жылдың 4 аптаның 3 күні
"Балақайлар мектебі" Мектеп алды даярлық тобында «Мен өнерлі баламын» тақырыбына тәрбие жұмысы өткізілді. Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз, Әзірге үлпілдеген құндызымыз. Арасын жер мен көктің бағындырар, Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отырып бүгінгі шығармашылық «Жұлдызды сәт» сабағымызды осы бір шумақ өлеңмен бастадық. Балалар барлығы шеңберге тұрып, қолдарына жүрекшелер алып, шеңбер бойын айналып бір – біріне тілек айтып жүрек сыйлайды. Балаларды бейнетаспадан Қазақстанның өнер жұлдыздарымен танысып, осындай жұлдыз боламын деп өз өнерлерін көрсетті. Бірі өлең,бірі тақпақ айтып би билеп сабағымыз жақсы көңіл күймен өткізілді. Сабақтың соңында балалардың барлығына мадақтама берілді.
25.06.24 жылдың 4 аптаның 2 күні
"Балақайлар мектебі" Мектеп алды даярлық тобында «Дені саудың - жаны сау» тақырыбына сабақ өткізілді. Сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Балаларға видео көрсетіліп, «Дені саудың - жаны сау» сөзінің мағынасы түсіндірілді. Денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау ең бірінші тазалықты сақтаудан, спортпен шұғылданудан, дұрыс тамақтанудан басталады. Осыған орай біз жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, өз жеке басты гигиенамызды сақтауымыз керек екендігі жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді. «Иммунитет» яғни, тазалық деген сөздің мағынасы екендігі жайлы түсіндірілді.Денсаулық жайында көп мәлімметтер бере отырып, балалар өз ойларын толықтырып отырды.Сабаққа балалар белсенді қатысты.
24.06.24 жылдың 4 аптаның 1 күні
"Балақайлар мектебі" Мектеп алды даярлық тобында «Менің мамандығым» тақырыбына сабақ өткізілді. Сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Мамандық тақырыбына байлынысты, презентация көрсете отырып балалар өздеріне таныс мамандықтарды айтып өз ойларын жеткізді.Видеоны қарап отырып балалар өздеріне таныс емес мамандықтар мен таныса отырды. Балалар әр мамандыққа тоқтала отырып, өздеріне ұнайтын мамандықтары жайлы айта кетті.Әр бала ата-аналары қандай мамандықта жұмыс істейтіндері жөнінде айтып отырды.Сабақ өте қызықты өтті.
21.06.24 ж. "Балақайлар мектебі"
Мектеп алды даярлық тобында «Ел мақтаныштары» тақырыбына сабақ өткізілді. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту .Сөйлеу, тілдік қарым- қатынас дағдылары қалыптастыру.Ел мақтаныштарын мен таныстыру.Сабақты психологиялық ахуалдан бастап, таңғы жаттығу жасап спорт түрлері мен таныстырылды.Балалар өздері білетін спорт түрлері жайында өз ойларын айтып берді.Видео ролик қарап отырып өздеріне таныс спортшылардың атын айтып отырды.Атақты спортшылар мен таныстырылды. Өздеріне ұнайтын спорт түрі футболға байланысты доптың суретін салды. Әр бала өздеріне ұнайтын спорт түрлері жайында айтып берді.Сабақ қызықты өтті.
20.06.24 ж. "Балақайлар мектебі"
Мектеп алды даярлық тобында «Елімнің салт- дәстүрі» тақырыбына кезекті сабағымыз өтті. Мақсаты: Салт-дәстүр туралы түсінік қалыптастыру.Салт-дәстүрлердің атауларын таныстыру.Салт-дәстүрімізге құрмет көрсете білуге үйрету.Сабақты видео роликтен бастадық. Видеоны көріп отыра балалар өдеріне таныс салт –дәстүрлер жайында айтып отырды. Көрген видеолары жайында балаларға салт-дәстүр туралы түсінік беріліп, салт-дәстүр атаулары мен таныстырылды. Балаларға сұрақ қоя отырып өз еліміздің дәстүрімізге құрмет көрсете білуге тәрбиеленді. Бесікке бөлеу»,«Тұсау кесу», «Атқа міну» рәсімдері туралы слайд көрсетілді. Балалар туған елдің салт- дәстүрімен танысты. Салт – дәстүріміздің бір түрі бесікке салу рәсімін Сара апай бесіктің жабдықтарын көрсетіп және жасаулы бесіктің әдейі салынбаған түбектің орнына табақтағы кәмпитті уыстай алып «тыштыма» ырымын жасап, балаларға үлестірді.«Бесікке бөлеу» салт- дәстүрі көрсетіліп бесік жыры айтылды.Әженің дайындаған салт- дәстүрлер туралы, сан жазылған асықтарды қоржыннан бір- бірлеп алып, сұрақтарына балалар жауап беріп,тапсырмаларын орындады.Сабағымыз қызықты өтіп, балалар белсенді қатысты.
19.06.24 ж. "Балақайлар мектебі"
Мектеп алды даярлық тобында "Менің елімнің табиғаты" тақырыбына сабақ өткізілді. Сабағымызды видео роликтен бастадық. Еліміздің табиғи байлықтары туралы айтып түсініктерін дамыта отырып «Табиғатты қорғау-адам денсаулығының кепілі» деген нақыл сөздің мағнасын ашу арқылы, еліміздегі табиғатты аялау және тірі табиғат пен өлі табиғаттың қасиеттері туралы әңгіме жүргізілді. Көрген видеолары жайында өздерінің табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Табиғатқа көрінісін тамашалап сурет салды. Сабақта балалар өте белсенді жұмыс жүргізіп отырды.
18.06.24 ж. "Балақайлар мектебі"
Мектеп алды даярлық тобында "Астана" тақырыбына балалар мен сабағымызды ҚР ән ұранынан бастадық. Астана қаласы жайында видео ролик көрсетіліп, балалар сол көрген видеодан өз ойларын сұрақ - жауап арқылы жеткізе білді.Балаларға Астана қаласының ғимараттарын көрсетіп, Бәйтеректің суретін салды. Балалар көрген видеодан ҚР бай мемлекет екеніне сүйсіне отырып, өз ойларын жеткізе білді.Сабақ өте қызықты болды.
17.06.24 ж. "Балақайлар мектебі"
Мектеп алды даярлық тобында "Менің Отаным" тақырыбына Отан туралы әңгіме жүргізілді.ҚР мемелекеттік рәміздері жайлы айтылып кетті. Балалар өз отаны жайында өз ойларын жеткізіп бөлісті.Өз отбастары жайында сурет салды. Менің Отаным тақырыбына видео көрсетілді. Қорыта келе балалар ҚР рәміздерін жақсы біле отырып,сабақ қызықты өтті.
📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!📌
🌟 «Балақайлар мектебі-2024» - мектепалды даярлық қысқа мерзімді курсы
✅ Мақсаты: 1-сыныпқа баратын оқушыларды мектепке даярлау.🏁Басталуы: 03.06.2024 (маусым, шілде, тамыз)
🕘Уақыты: 09:00-11:00
📞Қосымша сұрақтарыңыз болса, 8 778 425 42 97 және 8 747 294 84 34 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.
📌 Мекен-жайы:
📍Шәймерден Қосшығұлұлы 23/1, Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия
📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!📌
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа балаларды қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамыз аралығыда жүргізіледі.🔺1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz және АРМ ГУ Es.iac.kz электронды веб-порталдары және білім беру ұйымдары арқылы қағаз түрінде қабылданады.
🔺1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.
🔺Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
🔺Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді).
📞Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (7172) 72 92 39 телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады.