Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатында анық көрсетілгендей, қазіргі алға қойған негізгі бағытымыз: жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болса, бұл гимназиямыздан бүгінгі таңдағы көптілділікті дамыту моделін ұйымдастыруды талап етеді. Яғни, қазіргі уақыттағы мемлекетіміздің басты сұраныстарының бірі-көптілділікті меңгерту. Осы орайда, гимназияның алдына қойған мақсат -міндеттерінің бірі де –өз тілімізді құрметтей отырып, өзге тілдерді үйренуге мүмкіндік туғызу. Гимназияда оқытылып жатқан, ағылшын тілі, неміс, француз тілі, қытай тілі осы мақсатымыздың дәлелі. Оқушылардың жаппай оқуға тартылуы: 103 сынып комплектісі, оның ішінде: 1-4 бастауыш сынып -44, 5-11 сыныптар- 58. 2021-2022 оқу жылында барлығы 2658 оқушы білім алуда. Гимназияда 170 ұстаз жұмыс жасайды.
толығырақМектеп миссиясы:
"Бақытты бала қаланатын, әр баладан үміт күтетін жайлы білім беру ортасын құрамыз"
11.06.2023
12 маусым Қазақстанда аза тұту күні болып жарияланды
19.04.2023
📚Сабақтың болуы/болмауы📚
01.03.2023
⚜️1 наурыз Алғыс айту күні⚜️
12.12.2022
Жұмысқа қабылдану үшін тест тапсыратындарға хабарландыру
24.01.2022
Оқушылардың оқу ұйымдастыруы 24.01.22 ж бастап
09.01.2022
Жалпыұлттық аза тұту күні
30.09.2021
«Мұғалімдер күні» мерекесі қарсаңында «Ұстазыңды құттықта» челленджі
Мектеп тарихы
Елбасымыздың Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартудағы арнайы стратегиясының бірі- «100 мектеп-100 аурухана» бағдарламасы республикамыздың барлық аймақтарында жүзеге асып, білім саласын дамыту мақсатында мектептер ашылып, қаншама балалар жаппай оқумен қамтамасыз етілді. Соның айғағы- 2011 жылдың 4 сәуірінде ашылған Астана қаласындағы тұңғыш №67 лингвистикалық гимназиясы.
№67 гимназия әкімшілігі
АТЫ- ЖӨНІ |
ҚЫЗМЕТІ |
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ |
Абдраманова Гульжанат Асановна |
Директор |
87753371741 87014991767 |
Ережепова Гульям Егеубаевна |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
87776565093 |
Сармантаева Айнур Еркиновна |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
87783288859 |
Бектемирова Гульнар Аскаровна |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
87784254297 |
Оналбаева Гүлнар Беркаевна |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары |
87023843750 |
Рахметуллин Асан Жаканович |
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары |
87761342976 |
АТЫ- ЖӨНІ |
ҚЫЗМЕТІ |
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ |
Миркина Орынбасар Куанышбаевна |
Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары |
87014067217 |
Боданов Амангелді Нұрланұлы |
Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары |
87479081093 |
Алжаппарова Айнур Егеубаевна |
Әлеуметтік педагог |
87755348687 |
Нуртай Гульфайра Канатовна |
Әлеуметтік педагог |
87772275029 |
Хуат Аршагул |
Психолог |
87768446752 |
Кәдіршін Назерке Ерболқызы |
Психолог |
87083226356 |
Кулбаева Гулайым Мусахановна |
Құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері |
87761707500 |
СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ
(тәулік бойы, анонимно) – 150; 54-76-03
ӘКІМШІЛІК КЕЗЕКШІЛІК
2022-2023 жылы
АПТА КҮНДЕРІ |
АТЫ- ЖӨНІ |
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОН |
Дүйсенбі |
Ережепова Г. Е. |
87776565093 |
Алжаппарова А. Е. |
87755348687 |
|
Кәдіршін Назерке |
87083226356 |
|
Сейсенбі |
Бектемирова Г. А. |
87784254297 |
Хуат Аршагул |
87768446752 |
|
Сәрсенбі |
Оналбаева Г. Б. |
87023843750 |
Қанғалиева Елназ |
87072074323 |
|
Ахметжанова Айдана Болатхановна |
87026047204 |
|
Бейсенбі |
Миркина О. К. |
87014067217 |
Рахметуллин А. Ж. |
87761342976 |
|
Нуртай Г. К. |
87772275029 |
|
Жұма |
Сармантаева А. Е. |
87783288859 |
Боданов А. Н. |
87479081093 |
|
Боранбаева Т.Т. |
87472948434 |
Кітапхана
Гимназия кітапханасының мектеп оқушыларының өмірінде алатын орны ерекше. Себебі кітап арқылы олар өздерінің бойына ақыл-ойдың інжу- маржанын жинайды. Білімнің қайнар бұлағынан сусындайды. Ой-өрістерін кеңейтіп, білім қуаттарын арттырады.
№ 67 гимназия кітапханасы 2011 жылдан бері қарай жұмыс жасап келеді. Кітапханамыз гимназия басшысының келісімен бекітілген тұрақты жоспар негізінде жұмыс жасайды. Кітап қорымыз туралы мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда жалпы саны 54 397 дана кітап қоры бар. Оның 49 837 данасы жалпы пәндер бойынша арнайы тапсырыспен алынған заманауи оқулықтарды, 4560 данасы көркем әдебиеттер санын құрайды. Кітапханадағы компютер жүйесі интернет желісіне қосылған. Әрбір кітапхананың басты міндеті оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, жалпы кітапқа деген қамқор көзқарастарын қалыптастыру. Кітапхана қорының қатары соңғы жылдары түрлі тақырыптағы электронды кітаптармен толықтырылды.
толығырақМектептегі білім