Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! дегендей, бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясының 11 “Ә” сынып оқушылары да жаңа жылға өз арман-тілектерін жазып, бір-бірін құттықтады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!