Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

№ 67 гиманазиясының кітапханасы туралы Мәлімет

Кітапхана – ақпарат орталығы. Бүгінгі таңда мектебіміздің кітапханасы заманауи үлгіде жабдықталып, кітап қорымен байытылған. Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық, эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды. Мектептің оқу- тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Гимназия кітапханасының мектеп оқушыларының өмірінде алатын орны ерекше. Себебі кітап арқылы олар өздерінің бойына ақыл-ойдың інжу - маржанын жинайды. Білімнің қайнар бұлағынан сусындайды. Ой-өрістерін кеңейтіп, білім қуаттарын арттырады.

№ 67 гимназия кітапханасы 2011 жылдан бері қарай жұмыс жасап келеді. Кітапханамыз гимназия басшысының келісімен бекітілген тұрақты жоспар негізінде жұмыс жасайды. Кітап қорымыз туралы мәліметтерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда жалпы саны 54 397  дана кітап қоры бар. Оның 49 837 данасы жалпы пәндер бойынша арнайы тапсырыспен алынған заманауи оқулықтарды, 4560  данасы көркем әдебиеттер санын құрайды. Кітапханадағы компютер жүйесі интернет желісіне қосылған. Әрбір кітапхананың басты міндеті оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын оятып, жалпы кітапқа деген қамқор көзқарастарын қалыптастыру. Кітапхана қорының қатары соңғы жылдары түрлі тақырыптағы электронды кітаптармен толықтырылды.

Кітапханамызда «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүргізілуді. Жобаның жоспары жасалынып, жоспар бойынша түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Жобаның мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізу, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Оқушылар олимпиадаға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындалу үшін кітаптарды және басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады.

 «Кітап-білім бұлағы» демекші, мектеп кітапханасының атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға мұғалімдер, оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқырмандардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.

2019-2020 оқу жылындағы оқулықтардың жалпы саны - 42 857

2020-2021 оқу жылында келген оқулық саны -11 136


 

2020-2021 оқу жылындағы 1-11 сыныптардың оқулықпен қамтылуы

1- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

2761


Толық қамтылды

2- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

5283

Толық қамтылды

3- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

5793

Толық қамтылды

4- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

4693

Толық қамтылды

5- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

4454

Толық қамтылды

6- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

5295

Толық қамтылды

7- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

3734

Толық қамтылды

8- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

3543

Толық қамтылды

9- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

4177

Толық қамтылды

10- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

3203

Толық қамтылды

11- сынып барлық пәні бойынша оқулық саны

2738

Толық қамтылды


Кітапханада әртүрлі шаралар өткізіледі, көрмелер ұйымдастырылады. «Ата заң», «Тұғыры биік тәуелсіз Қазақстан», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Махаббатқа толы жүрегі» , «Ана тілім – ата-бабам мұрасы», «Бір ел – бір кітап», «Балаларға - базарлық», «Қазақ даласының ғұламалары», «Астана –Еуразия жүрегінде», «Ерлік даңқы өшпейді, ерлердің аты өлмейді», «Энциклопедиялар. Сөздіктер. Анықтамалар», «Жаңа кітаптар», көрмелер мен бұрыштар ұйымдастырылған.





«12 сәуір – ғарышкерлер күні» №67 гимназия кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ғарыштың негізін салушы орыстың ұлы ғалымдары Константин Эдуардович Циолковский және Сергей Павлович Королевтың ракеталық техника мен аспан әлеміне саяхаттар теориясына арналған ғылыми еңбектері, космос кеңістігін зерттеу және оны игеру жолдарына арналған еңбектермен танысуға болады. Кітап көрмесіне космос әлеміне алғаш рет жол салған №1 космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы көптеген қызықты материалдар қойылды.

Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныса аласыздар.

Сонымен қатар «12 сәуір – ғарышкерлер күні» танымдық сағаты ұйымдастырылды. 6 л сыныбында өткізілген танымдық сағатында оқушыларға, Бұл мереке - ғарыш саласында қызмет етіп жүргендер мен ғылымның жаңа деңгейге көтерілген күні. Алғаш рет 1962 жылдың 9 сәуірінде КСРО жоғарғы кеңес президиумының өкімімен белгілі бір республикаларда ғана аталып өтіп жүрді. Кейін 1968 жылы халықаралық авиация федерациясының конференциясында айтулы күнді әлемдік дәрежеде атап өту туралы шешім қабылданғандығы туралы таныстырылым жасалды.

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келді. Ол - КСРО-ның соңғы және қазақ ұлтының алғашқы ғарышкері.

Қазақтан шыққан екінші ғарышкер 1951 жылы 7 қаңтарда Қарғалыда дүниеге келген. Ғарышқа үш мәрте ұшып, сол жақта 341 күн 9 сағат 48 минут 41 секунд болып қайтты. Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енген: осы күнге дейін ол секілді ешкім ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып көрмеген

Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ғарышқа ұшқан бірінші Қазақстан Республикасының азаматы.
Бүгінгі таңда ғарыш саласы Қазақстанда қарқынды түрде дамып, жас ғалымдар өзге кеңестікті зерттеуге арналған түрлі жобасын таныстыруда екені туралы айтылды..

Оқушыларымызға аспан әлемін бағындырған батырларымыз туралы ақпараттармен таныстырып, олардың өмірбаянын,марапаттарын, Совет қыздарының ел мақтанышы екенін, Космонавтика мұражайы бар екенін таныстылылым жасалды. келесі жұмысымызды одан әрі оқушылар ғарышкерлерге арналған өз арнауларын оқыды, және өздерінің сұрақтарын қоя отырып ғарышкерлер туралы мәліметтермен танысты. Оқушылар қиялға беріліп ұшқыш , ғарышкер болғысы келетіндерін жарыса айтты. Болашақ ғарышкерлер аман болсын деп танымдық сабағымызды мына өлең жолдарымен аяқтадық

Қандай қиын күресте өткен күндерің, 

Тағдырыңның айлағы боп тұр жерің. 

Туған үйің, ғарыш қана шынайы, 

Ол- сенімен, 

Сен- онымен мәңгіліксің ұдайы.







«Наурыз мейрамының – тарихы !» Иллюстративті кітап көрмесіне вертуалды саяхат тақырыбында онлайн көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады. Кітап көрмесінің «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты 1-ші бөлімінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды, 2-ші бөлім «Қазақтың қолөнері - төл өнері» деп аталады. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі. Соған орай ұлттық киім, қолөнерге байланысты әдебиеттер ұсынылды. «Халықтың қадір тұтар дастарханы» атты үшінші бөлімде қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар қойылды.





Аналар мерекесіне арналған «Ана бақыты - бала бақыты»атты виртуальды кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ана өмірдің шуағы, ана –өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл күй сыйлайтын 2 сынып оқушыларымыздың аналарға арналған өздерінің өлең шумақтарын тарту етті

Қай елде, қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Шығыс ғұламасы Әл- Фараби : «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс- шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп , мұғалім , ата-ана, қоғамның орны бөлек.





Хv ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде. Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді» деген екен . Сондықтан ұрпақтың тәрбиесі өзіміздің қолымызда. Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.

№67 гимназия кітапханасында «Әжеммен бірге кітап оқимын» библиографиялық сабақ ұйымдастырылды.


Мақсаты: 1.Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру.
2.Есте сақтау қабілеттерін арттыру,өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
3.Алғыр,ізденімпаз,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кітаптар,нақыл сөздер,тақырып жазылған плакат,суреттер,т.б.

Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.


4 - сыныптардың қатысуымен болған іс- шарада оқушылар түрлі тапсырмалар орындады «Әже» тақырыбына ертегі құрастыру.
Әр топ өз бетінше ертегі құрастырып 10 минуттан соң құрастырған ертегісін әңгімелеп айтады.
Шарты:1.Ертегінің басы болуы керек.
2.Негізгі бөлімі.
3.Ертегінің соңын жақсылықпен аяқтау. (мұратына жету) оқушылар осы кезеңдерден өтіп «Әже» ертегісін аяқтады.

Оқушылар өз қиялдарына ерік берді, мейірімді әже, жылы жұмсағын немересінің аузына салатын өздерінің әжелерін , жақсы көретіндерін жазды.

«Әжеммен бірге ертегі оқимын» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне рахмет айтылып,төмендегідей мақтау қағаздарымен марапатталды.





Директорға сұрақ қою