Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Жазғы мектеп

Жазғы мектеп оқу барысында сабақтардың өту процесі 

 

 

30.05.2024 ж 

"Жазғы мектеп" жобасы аясында 7,8 және 9,10 топтар арасында өткізілген спорттық волейбол.
Сабақтың тақырыбы: Тактикалық іс-әрекет: жеке, топтық, командалық Волейбол.
Сабақта оқушылар жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін қолдана білуді үйренді.

 

 

 

29.05.24 ж

Жазғы мектеп жобасына қатысушылармен “Квадраттық теңдеулерді шешу” тақырыбында оқушылардың білімдегі олқылықтарының алдын алу мақсатында математикалық есептер шығарылды.
Оқушылар “судоку”, “заңдылықты тап” атты логикалық тапсырмаларды жасады.
Пән мұғалімі: Самат Құралай Болатқызы.

 

 

Жазғы мектеп жобасының І,ІІ,ІІІ топтарымен ЕКОЕ және ЕҮОБ тақырыбында білім алушылардың білімдегі олқылықтарының алдын ьалу мақсатында сайыс сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: қиындық тудыратын тақырыптармен есеп шығару арқылы жұмыс жасай отырып, оқушылардың есеп шығара алу қабілеттерін дамыту. Сабақ барысында "ЕКОЕ(ең кіші ортақ еселік), ЕҮОБ(ең үлкен ортақ бөлгіш) және жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру тақырыптарының шешу жолдарын талқылап, соған арналған есептер шығарылды. Сабақтың соңында "жетістік баспалдағы" арқылы кері байланыс жасалды.
Математика мұғалімі: Тасилова Дана Алтынбекқызы

 

 

28.05.24 ж

"Жазғы мектеп" жобасының 16 тобында «Теңсіздіктерді шешу» тақырыбында оқушылармен теңсіздіктердің анықтамасын, шешу жолдарын талқыланды. Оқушыларды топқа бөлініп, кезек-кезек тапсырмаларды орындады.
“Судоку” логикалық ойынын жылдамдыққа шығарды.

Алгебра пәні мұғалімі: Самат Құралай

 

 

 

«Жазғы мектеп» жобасы аясында 7 сыныптарда химия пәнінен " Тағам құрамындағы қоректік заттар" тақырыбында сабақ өткізілді.

Оқушылар топтық жұмыстарда тағам құрамындағы қоректік заттардың химиялық құрамы жайлы ақпаратпен бөлісті.

Көңілді шеңберде химиялық элемент атауларын айтып
жарысты.
Химия пәні мұғалімі : Заманбек А.

 

 

 

7 сыныпта “Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру”.

Қолданылған әдістер: “ “Сәйкестіру” , “Домино” ойыны, “Кім жылдам?”

Сабақтың сонында логикалық есеп. Оқушылар қызығушылықпен тапсырмаларды орындады.

Алгебра пәні мұғалімі Молдагельдинова Салтанат Оралбаевна

 

 

 

 

«Жазғы мектеп жобасы» аясында 8 сыныптарда химия пәнінен «Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс» тақырыбында сабақ өткізілді.

Оқушылар сәйкестендіру тапсырмаларын бірлесе орындады.

Топтық жұмыстарда негіздер, қышқылдар және тұздар туралы ақпарат алмасты.
Пән мұғалімдері: Жолбасова А. С , Таскулова А. Б

 

 


27.05.24 ж
8-сынып (17 топ)
Тақырыбы: "Квадраттық теңдеулер шешу".
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Судоку ойыны, Викториналық ойын, өзіндік жұмыс ретінде өткізілді.
Викториналық ойын кезінде оқушыларды Данышпандар, Азима, Сұңқар болып үш топқа бөліп, сайыс өткізілді.
Сұңқар тобы белсенділік танытып жеңімпаз атанды.

Алгебра пәні мұғалімі: Әптықали Әліби Мұратұлы

 

 

Жазғы мектеп жобасы бойынша алгебра сабағы 7 сыныптарда өтілді.

Тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру».

«Сөйлейтін бор» әдісі қолданылды. «Ойлан, тап, бөліс». Берілген тапсырмаларды ҚКФ қолдану арқылы әдістер түрлендірілді.

Алгебра пәні мұғалімі: Молдагельдинова Салтанат Оралбаевна

 

 

 

8 сынып оқушыларымен Жазғы мектеп оқу барысында Қазақстан тарихы пәнінен- "Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы" тақырыбында сабақ өткізілді.

Оқушылар батырлардың ерлігімен, жеңістері туралы постер қорғады.

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі: Тажибаева Гулнур Мынбаевна

 

 

 

«Жазғы мектеп» жобасы аясында химия пәнінен 7 сыныптарда «Тыныс алу және оксидтер» тақырыбында сабақтар өткізілді.

Сабақта оқушылар топтық жұмыс орындап, белсенділік танытты.

Оксидтердің түрлерімен танысты.

Химия пәні мұғалімі: Заманбек Айжарық Заманбековна

 

 

 

Жазғы мектеп жобасына қатысатын оқушылар арасында спорттық ойын түрі волейбол жарысы өтті.

Оқушылар белсене қатысты. Спортпен шұғылданатын балалардың саны артуда.

Жауапты дене шынықтыру пәні мұғалімі: Сембаев Жанаділ Жеңісұлы

 

 

"Жазғы мектеп - 2024" жобасын қорытындылау: Жаңа оқу жылына тың идеялар мен жаңа бастамаларды талдау, ұтымды ұсыныстар сәтінен....

 

 

 



Директорға сұрақ қою