Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Мектепке қабылдау

📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!📌

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

1 сәуірден бастап балаларды 1 сыныпқа қабылдау жүргізіліп жатқаны белгілі.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдаудың аяқталуына да санаулы күндер қалды.

Яғни, 31 шілде құжат тапсырудың соңғы күні.

Сол себепті де, асығуларыңызды сұраймыз.

🔺1 сыныпқа құжаттарды электронды түрде, eGOV.kz порталы арқылы тапсыруға болады.

🔺1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады.

🔺Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

🔺Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде беріледі))

• Туу туралы куәлік (электронды түрде беріледі)

• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)

• Егу паспорты (065/у нысаны)

• Баланың суреті (3*4 өлшемді).

📞Қосымша сұрақтарыңыз болса, +7 (7172) 72 92 39 телефон нөміріне хабарласуларыңызға болады.

📌 Мектепалды даярлық тобына қабылдау! 📌

📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!📌

1-тамыздан бастап мектептің микроучастогы бойынша мектепалды даярлық тобына құжат қабылдау басталады.

🔺️Қажетті құжаттар!

📌Ата-ананың өтініші

📌Туу туралы куәлік көшірмесі

📌Баланың денсаулық паспорты(026/у-3нысан)

📌Егу паспорты (065/у-3нысан)

📌Баланың суреті 2 дана (3/4 өлшемде)

📞Қосымша сұрақтар бойынша: +7(7172) 72 92 39 хабарласуға болады.

📌 10-сыныптарды қабылдау! 📌

📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!📌

1-15 тамыз аралығында 10- сынып оқушыларының құжаттарын қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша қабылдау басталады.

🔺️Қажетті құжаттар!

📌Ата-ананың өтініші

📌Жеке куәлік көшірмесі

📌Негізгі мектеп курсы туралы аттестат көшірмесі

📌Баланың суреті 2 дана (3/4 өлшемде)

📌Медициналық тексеруден өту анықтамасы

📞Қосымша сұрақтар бойынша: +7(7172) 72 92 39 хабарласуға болады.