Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Мектеп формасы

ҚР Білім және ғылым министрінің 14.01.2016 жылғы №26 бұйрығымен міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар:

 «Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, Мектеп формасы ақ кофта, рубашка қара көк юбка, шалбар түстерден таңдалады.

 «Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін (қыз балалар басына орамал, кимешек тағуға, ұл балалар балағы тобықтан жоғары киілетін шолақ шалбар киуге) қосуға болмайды»

 Шашты ашық , сары, қызыл түске бояу, назарды аудартатын косметика, маникюр, зергерлік бұйымдарды қолдануға, көзді жауып тұратын шаш үлгілерін қидыруға тиым салынады.

 Мектеп формасы жайлы талаптарды сақтамаған оқушыларды мұғалімдер, сынып жетекшілері ата-анасына хабарласып, ретке келтіру қажет және мұны мектеп әкімшілігіне хабарлауы тиіс.

 Мектеп ішінде екінші аяқ киімін ауыстыру

Директорға сұрақ қою