Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай 1 -11 сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік іс- шара өткізілді.

2022-2023 оқу жылының аяқталуымен барша оқушылар, ұстаздар, ата- аналарды және 1 маусым балалар күні мерекесімен қатар келген мектеп бітіруші 11 сыныпты түлектерін гимназия директоры Абдраманова Гулжанат Асанқызы құттықтау сөзімен бастады.

Мерекелік іс- шара барысында

  • "БАЛАЛАР- ӨМІРДІҢ БАЛ ГҮЛІ" атты бастауыш сынып оқушылары ән- билері, сурет салу, қызықты сәт ойындары;
  • "МЕКТЕБІМ - АЛТЫН ҰЯ МЕКЕНІМ" атты 11 сынып түлектерінің мерекелік құттықтаулары мен музыкалық ән, би шашулары;
  • "СПОРТТЫҚ МАРАФОН" футбол, волейбол, асық ойыны, қазақ күресі спорт жарыстары;
  • " БАЛАПАН ӘЛЕМІ" атты ойыншықтар көрмесі;
  • "БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ- ҒАЖАЙЫПТАР ӘЛЕМІ" атты асфальтқа сурет салу;
  • "JASYL EL - 2023" экостарт өткізілді.

Балаларға арналған мерекелік бағдарлама барша оқушыларға, ұстаздарға және ата- аналарға көтеріңкі көңіл- күй, әсем- сазды әуендер, ыстық ықылас тілектер мен қошеметке толы нұрға бөледі.

Директорға сұрақ қою