Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

31 МАМЫР - ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бұл күн елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде.

Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

Тарихи деректерде ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жылдарына қатысты мәліметтер әр түрлі. Соның ішінде ең жиі кездесетін деректерге сүйенсек, Қазақстанда 1937-38 жылдары, яғни бас-аяғы бір жылдың ішінде 125 мың адам тоталитарлық режимнің құрбаны болған екен. Солардың 22 мыңы өлім жазасына кесілген. Жалпы, 1921 жыл мен 1954 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-да 3 миллион 777 мың адам жазықсыз сотталып, оның 642 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан. Бұл лагерлерге 5 миллионнан астам жіберілген деседі.

Сонымен қатар, 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды да еске алу күні. 1921 – 1933 жылдары аралығында қазақ даласы екі мәрте ашаршылыққа ұшыраған. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық ХХ ғасырдағы адамзат тарихындағы ең қайғылы оқиға болды. Бұл кезеңде 2,5 миллион адам шығын болған. 1919–1922 жылдар аралығындағы бірінші аштықтағы адам шығыны – 1,5 миллионға жуық.

2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын жария еткен болатын.

31 МАМЫР - ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Директорға сұрақ қою