Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған іс-шара

Тамыз айының 10-ы күні гимназия кітапханасында ұлы ақын, Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты бас ақынның өмірі мен шығармаларын кеңінен насихаттау, ұрпаққа азық болар мол мұрасын, ұлағатын ұлықтау. Іс- шара гимназия әкімшілігі мен ұстаздарының қатысуымен өтті. Алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амангелді Боданов кіріспе сөз сөйлеп, ойымен бөлісті. Одан кейін ұжымға Абайдың дүниеге келуі мен есімінің берілуі туралы деректі фильмдерден үзінді көрсетілді. Гимназия директоры құттықтау сөз сөйлеп, ақын өмірінлегі өнеге жайында сөз қозғады. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сандуғаш Смангулова ұйымдастырған KAHOOT платформасында зияткерлік ойын өтті. Бұл ойында ақын өміріне байланысты деректерден дайындалған тест сұрақтарына жауап беру арқылы, қатысушалар сайысты. Сайыстан соң қатысушылар ұжым болып Абайдың әндерін шырқады. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қатысушалар сөз сөйлеп, алған әсерлерімен бөлісті.

Виртуалды комиссия
Директорға сұрақ қою