Қазан құрмет айына байланысты мектеп парламентінің іс шарасы
Гимназиямызда құндылыққа негізделген білім беру негізінде қазан айы «Құрмет» айы болып аталды. Мектеп парламентінің мүшелері гимназиямыздың ұстаздарынан еркін сұхбат жүргізіп, «Құрмет» айы туралы ойларын біліп, жалпы адами құндылықтарға не жататындығын және сабақ барысында қандай құндылықтар сөз болатындығы жайлы ой қозғалды.