Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

"БАЛАЛАР ЖЫЛЫ", "ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ"

"БАЛАЛАР ЖЫЛЫ" аясында гимназияның 2021-2022 оқу жылындағы аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық түрлі пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық өнер, спорттық жарыстардың жеңімпаз, жүлдегер оқушыларының "ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ" атты жыл қорытындысы аталып өтті. Шеруге 200- дей оқушы қатысып, сый - естеліктер мен жүлдегер оқушыларды білім, өнер бәйгелеріне қосып жетістікке ие болған жетекші ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды. Гимназияның мерейін асқақтатып, мақтанышы атанған оқушыларға және ұстаздар қауымына гимназия директоры Гүлжанат Асанқызы жылы лебізі мен алғысын білдірді. Көрермен ата- аналар шеруде көрсетілген қалалық "Шаттық -2022" конкурсында "АЛТЫН", "КҮМІС" , "ҚОЛА" иегері өнерпаздарының өнерін тамашалады.

12.jpg

10.jpg

Директорға сұрақ қою