Бүгінгі күн – маңызды тақырыптарға арналған кездесу!
Жастар денсаулық орталығының (ЖДО) СӨС дәрігері Иманбаева Гүлмира Қалиевна және гинеколог Жұмат Айнұр Асқатқызы оқушы қыздармен ерекше кездесу өткізді.
🔹 Кездесу барысында қыз балалардың жеке гигиенасы мен жүктіліктің алдын алу тақырыптары қозғалды.
🔹 Мамандар қыздарға өз денсаулығын қорғау, дұрыс күтім жасау және болашаққа саналы қадам жасау жолдары туралы түсіндірді.
🔹 Ашық диалог барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес алды.
✨ Денсаулық – ең үлкен байлық!
Осындай кездесулер жасөспірімдерге пайдалы ақпарат алып, өз денсаулығын сақтау жолында жауапкершілік қалыптастыруға көмектеседі.
#ЖастарДенсаулықОрталығы #СӨС #ҚызБаланыңГигиенасы #ЖүктіліктіАлдынАлу #Денсаулық