✨ Жас өрендердің жетістігі – жарқын елдің нышаны! ✨
Бүгін 12.12.2025 жылы гимназиямызда "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, сонымен қатар тәуелсіздік мереке қарсаңында дарынды және талантты оқушыларды дәріптеуге арналған ерекше іс-шара өтті
Оқушылар шығармашылық, ғылыми, спорттық және зияткерлік бағыттар бойынша өз жетістіктерін таныстырып, өнерлерін жарқырата көрсетті. 🌟 Шараның негізгі мақсаты – жас буынның қабілетін ашу, қолдау көрсету және олардың табыстарын көпшілікке насихаттау.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар мен көрермендер үлкен мотивация алып қайтты. 💫Жас жеткіншектеріміздің әр жетістігі – гимназиямыздың жарқын болашағының дәлелі! 🇰🇿💛



