«Электронды темекі және оның денсаулыққа әсері», «Буллинг»
22 желтоқсан күні гимназиямызда «Құқық» қоғамдық қорының психологі Ермекқызы Камила және қордың заңгері Хамитов Азамат 7-8 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Басты тақырып «Электронды темекі және оның денсаулыққа әсері», «Буллинг» жөнінде ақпарат берілді. Электронды темекінің зияны,буллинг жөнінде бірнеше видеороликтер көрсетілді. Кездесу барысында психолог балалармен кері байланыс орнатып,сұрақ жауап ретінде өткізді.Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып,өз ұсыныстарын айтты. Гимназиямыздың оқушылары электронды темекіге қатысты ақпараттандырылды. Өз кезегінде мектептің құқық бұзушылықты алдын алу менеджері Кулбаева Гульаим заңмен тиым салынған заттарды пайдаланып,қоғамдық орында тәртіп бұзған жасөспірімдерге қандай жаза қолданылатыны жөнінде ақпарат беріп,өз тәжірибесінде болған оқиғадан мысал келтірді.