Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

«ESENBERLIN CUP – 2023»

Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназия» ШЖҚ МКК-ның «RUH» дебат клубының ұйымдастыруымен 10 қаңтар Ілияс Есенберлиннің туған күніне орай Астана қаласындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің арасындағы ең үздік пікірсайысшыларды анықтайтын «ESENBERLIN CUP – 2023» қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Дарынды жазушы, талантты драматург, халық таныған классик қаламгер Ілияс Есенберлиннің 108 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирге жалпы қала мектептері мен колледждерінен 60-қа жуық сұраныс түсіп, оның ішінде жетістіктеріне сай 32 команда іріктелініп алынды.

Турнирдің бас төрешілері ретінде студенттік дебат клубтарының көшбасшылары Ергешбай Гүлім мен Әділжанұлы Бекзат шақырылды.

Турнирдің шешуші финалында қонақ ретінде қатысып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі "Елбасы Академиясы" Корпоративтік қорының басқарушы директоры Жұманбай Мұрат Ақтайұлы мен Елбасы Академиясы жобалық кеңесінің басшысы Меркеш Райымбек мырзаға табысталды. Турнирге демеушілік қолдау көрсетіп, жеңімпаздарға сыйлықтарын табыстады. Тартысты дода төмендегідей нәтижелермен түйінделді:

? Бас жүлде «КІШКЕНТАЙ АРА МАЙЯ» № 73 мектеп-лицей, ЕҰУ колледжі

? І орын «TANYM» командасы Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі

? ІІ орын «АВАНГАРД» командасы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы № 11 мектеп-лицей

?ІІІ орын «АСТАРТ» командасы Бауыржан Момышұлы атындағы № 53 мектеп-лицей

Үздік төреші: АБДИЖАНАП АЙДАНА ЕЛНҰРҚЫЗЫ

Үздік спикер: АЙТБАЕВ АЛИХАН АРДАҚҰЛЫ

Бүгінгі 10 қаңтар Ілияс Есенберлиннің 108 жылдығына орай ұйымдастырылған дүбірлі додада озып шығып, жеңіс шыңынан көрінген командаларды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2023-01-24 at 11.24.22.jpeg

WhatsApp Image 2023-01-24 at 11.24.23.jpeg

Директорға сұрақ қою