Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

ФРАНЦУЗДАР ПОЭЗИЯ КЕШІ

16.09.22 күні мектебімізде тіл мерекесіне орай француз тілінен 5,6,7,8 сыныптар арасында француз поэзия кеші болып өтті. Қатысқан оқушылар саны 35. Жауапты оқытушылар: Дауренбекова Эльмира Каденқызы мен Диханбаева Мақпал Амангелдіқызы. Бүгінгі кеште әр оқушы өз тандауымен жаттаған танымал француз ақын өлеңдері арқылы тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Көркемсөз оқу мәнері арқылы тіл ерекшелігін, француздық әдемі музыкалық әуезін тыңдаушы көрермендерге ұғындыра білді. Барлық қатысушы жеткіншектер әр тақырыпқа сай өлең көріністермен актерлік шеберліктерін шыңдады. Әсіресе 8з сыныбы оқушысы Жұмабай Рамазан, 8и оқушысы Амангелді Айгүл, Бекмағамбет Диана, Серік Алина, Кәрім Айдын, 8к сыныбынан Энгельс Айсұлу, Фархатқызы Аружан, 7е сыныбынан Косыбаев Амин, Хайкен Нұрдәулет, 6и сыныбынан Жамбыл Аяулым, 6д оқушысы Мелдешов Елдос, Мақсұтов Ерасыл ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи отыра, Париждік үрдістер мен француз өмірімен байланыстыра көрініс үзінді келтіруі көрермендердің керемет қошеметіне ие болды. Жеңіс Дәмелі, Өрікбай Темірлан, Серікбай Сымбат, Қабдешова Аида, Қанатқызы Толқын, Тұрсымат Санжар қоршаған орта табиғат, жануарларға деген ерекше сезімдерін жеткізуге тырысты. Кеш соңында Etoile тобының орындауындағы әсем ән кешті әсерілей түсті. Қорытындылауда оқытушылар Эльмира Каденқызы, Мақпал Амангелдіқызы ерекше дайындықпен келген оқушыларды жекелей атап, барлық білімалушыларға арнайы дайындалған сыйлықтармен марапаттады. Кеште әр оқушы романтика поэзия әлеміне саяхат жасады, бұл кештен алған әсері мол болды.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

Виртуалды комиссия
Директорға сұрақ қою