Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Гимназияда ата-аналар жиналысы өтті: «Адал азамат» бағдарламасы аясында

12.09.2025 ж. күні гимназияда «АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП» тақырыбында жалпы ата-аналар және сыныптың ата-аналар жиналысы болып өтті.

Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.

Күн тәртібінде:

  1. 2025-2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие барысы бойынша гимназия директорының міндетін атқарушы – Сармантаева А. Е.
  2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие жұмысындағы ынтымақтастық туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Оналбаева Г. Б.
  3. Оқушы қауіпсіздігі және мектептің ішкі тәртіп ережесі жайында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Сулекеев К. К.

Жиналысқа қатысқан ата-аналар үшін гимназиямыздың оқушыларға қосымша білім беру бойынша шығармашылық үйірмелер, секциялар және пәндік білімін дамыту мақсатында авторлық бағдарламар негізінде курстар өткізілу жайында таныстырылды.

https://www.instagram.com/reel/DOiz2wLiHbZ/?igsh=MTRsdjE0NnQwcDh4eA

Директорға сұрақ қою