Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Гимназияда «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби кеш өтті

2025 жылдың 12 қыркүйек күні гимназия қабырғасында 5-сынып оқушыларының қатысуымен “Өлең – сөздің патшасы” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ әдебиетінің асыл мұраларын дәріптеу және сөз өнерінің қадір-қасиетін ұғындыру болды.

Шара барысында қазақтың ұлы ақындары мен ағартушыларының тіл туралы өлеңдері оқылып, олардың шығармашылық мұралары жайлы мағлұмат берілді. Әсіресе, Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері оқушылар тарапынан нақышына келтіріліп жатқа айтылды.

Оқушылар көркемсөз оқу арқылы тілге деген құрметін білдіріп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын танытты. Іс-шараға барлық 5-сынып оқушылары белсене қатысты.

Ұйымдастырған: Қазақ тілі ӘБ
5-сынып мұғалімдері

https://www.instagram.com/p/DOfWIwiCNa7/?igsh=MTM3cWk1cHg5YW84Zg

Директорға сұрақ қою