Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

“GLOBAL САПА“ Жобалар конкурсы

04.12.2022 ж. Астана қаласы, 67 гимназияда халықаралық білім беру орталығы “GLOBAL САПА“ ұйымдастыруымен “ Аттила - лидер европейских и степных народов” атты ғылыми және шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа елорда мектептерінен және басқа да қала облыстарынан, атап айтқанда Көкшетау, Өскемен және Ақмола облыстарынан оқушылар қатысты. Қатысушылардың жұмыстары 3 секция бойынша қарастырылды:

  • Ғылыми жоба;
  • Сурет және қолөнер;
  • Актерлік шеберлік.

Оқушылардың жұмыстарын Турция, Венгрия және Франция елдерінен арнайы мамандар бағалады. Біздің Гимназиямыздан да оқушылар қатысып жүлделі орындар иеленді. Актерлік шеберлік бағыты бойынша, 6 и сынып оқушысы Жамбыл Аяулым „Attila est un chef du grand pays“ атты өлеңін француз тілінде, ал 8 В сынып оқушысы Тоқтар Ернұр “Attila“ атты өлеңін ағылшын тілінде оқып шықты. Сурет және қолөнер бағыты бойынша, 9 Ж сынып оқушысы Ержан Бағила Аттиланы тарихи детальдарымен сурет салса, 7 г сынып оқушысы Қуанышқызы Нұржайна Аттиланың құрал-жабдықтарын тоқыма қолөнері арқылы өз жұмыстарын көрсетті. Жетекшілері: Мылтықбаева Бақытгүл Кабимолдановна, Аскарова Ғалия Саветкановна, Диханбаева Мақпал Амангельдиевна, Наралиева Асем Ақылбековна. Алдағы уақытта да ұйымдастырылатын ғылыми конференция, конкурстарға қатысу жоспарымызда бар.

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.42.39.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.42.38.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.42.39 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.42.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.42.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.42.36.jpeg

Директорға сұрақ қою