Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

І. Есенберлин атындағы №67 гимназияда 2024-2025 оқу жылына арналған жоспарлы "Өрт қауіпсіздігінің алдын алу" оқу жаттығулары өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды, ұстаздарды және кіші қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, қауіп төнген жағдайда өздерін қорғауды, бір-біріне көмек көрсетуді үйрету және түсіндіру.
Таңертеңгі кезеңде 1734 адам қауіпсіз аймаққа 4 минут 30 секунд ішінде эвакуацияланды. Оқушылар, ұстаздар және кіші қызметкерлер тізім бойынша тексеріліп, штаб басшысына есеп берілді. Жаттығу барысында оқыс оқиғалардың алдын алу үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#ӨртҚауіпсіздігі #Жаттығу #ЕсенберлинГимназия #ӨрттіңАлдынАлу

Директорға сұрақ қою