Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында ішкі тәртіп ережелерін таныстыру мақсатында 8-11 сынып қыз балаларына профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді

Оқушыларға ұсынылған ережелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, гимназиямызда және азаматтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде әзірленген.

Ереженің мақсаты– Қазақстан Республикасының жас азаматтарына жоғары адамгершілік қасиеттерді сіңіру, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау және мектеп аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Түсіндіру жұмыстары барысында:

🔹 сабақ кезіндегі тәртіп ережелері;

🔹 оқушылардың құқықтары мен міндеттері;

🔹 мектеп формасына қойылатын талаптар;

🔹 сабақ кезіндегі оқушының мінез-құлқы;

🔹 мектеп аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптары таныстырылды.

Аталған ережелер барлық оқушылар үшін бірыңғай әрі міндетті болып табылады. Әрбір оқушы мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, өзінің және өзгенің мүлкіне ұқыпты қарауға, мектеп пен оның аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға, ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге міндетті.

Тәртіп – тәрбие бастауы, қауіпсіздік – ортақ жауап!!

https://www.instagram.com/reel/Dc0sXCUO9VW/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Директорға сұрақ қою