ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МАРАФОН
20 қыркүйек айында № 67 І.Есенберлин атындағы гимназияда «Тілдер айлығы» аясында «Орыс тілі орбитасы» атты 5-ші сыныптар арасында интеллектуалды марафон өткізілді. 7 станцияда 9 сынып лидерлары арнайы тапсырмалар дайындап «Жұмбақ үй», «Отан – менің жүрегім», «Мықты болсаң, шешіп көр», «Табиғаттың сырлары», «Қалам алып хат жаздым...»,«Мақсат қойған үйренер» білім бұрыштарын ұйымдастырып әсерлі көңіл- күй сыйлады. Әсіресе, 5 сыныптың жас қырандары «Жұмбақ ұйде» қызығушылықпен әр тақырыпта жұмбақтарды шешіп жақсы ұпай жинған, сонымен қатар «Отан – менің жүрегім» атты станцияда мақалдарды құрастырып, мәнін ашуға тырысты. «Табиғаттың сырлары» мекенінде 3 суреттің біреуін таңдап, ой үшқырлығын байқатып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті, «Мақсат қойған үйренер» атты бұрышында оқушылар білімдерін қызу талқылап ортаға салды. Командамен жұмыс жасап, «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақсатымыз іске жарады. «Білім дамығанда ғылым дамиды» демекші, әр тұлғаның бойына рухани құндылықтарды дамытуда ұстаздың үлесі зор.