Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

№67 гимназияда «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында мамандармен кездесу өтті

09.09.2025 жылы Астана қаласы І. Есенберлин атындағы № 67 гимназияның 8-9 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» мақсатында мамандармен кездесу өткізілді. Кездесуді гимназия директорының міндетін атқарушы Сармантаева Айнур Еркіновна алғы сөзімен бастап, келген қонақтарымызбен таныстырып өтті. Кездесу барысында Астана қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Сейтахметов Ерғали Болатұлы және Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының прокуроры Берғалиұлы Қазбекби мамандарымыз оқушыларымызға қауіпсіздік және құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша маңызды бейнежазбаларды таныстыра отырып, дәрістер оқыды. Кездесу барысында Психологиялық қолдау орталығы маманы Илья Александровичте өз орталығының жұмысын таныстырып, оқушыларға психологиялық тренинг өткізіп, жақсы атмосфера орната білді.

Сонымен қатар, жас жеткіншектерді қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының спорт шебері Қазақша күрес, ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері Сламшанков Мейіржан Ержанұлы оқушыларды тәртіпке, бос уақыттарын тиімді пайдалау үшін спортпен айналысуға шақырды.

https://www.instagram.com/reel/DOX-YGijQUQ/?igsh=MmxrNW42NHNkNTFh

Директорға сұрақ қою