Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі

09.01.2024 жылы Астана қаласының І.Есенберлин атындағы
№ 67 гимназияда «Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Ұстаздық жол ол қиындығы да, қызығы да жетерлікті ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтардың бірі ұстаздық жол екені ақиқат. Мектебіне қарап, оқушысын, оқушыға қарап мұғалімді тануға болады демекші, шынында да мұғалім мектептің негізгі мүшесі жүрегі болып табылады. Себебі бұл мамандық иелерінің мойнында ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Міне осылай ұстаздық жолда мектептің қиындығымен қызығын бірге алып жүретін ұстаздарымыздың психологиясына көптеген ауырлық түсіп, жүйке жүйесі шаршайтыны және оның салдары кейде күйзеліске яғни стреске алып келетіні рас. Ал стресс біздің денсаулығымызға өзінің зиянын тигізбей қоймайды. Ал ұстаз өзінің профессионалдық ұстанымын жоғалтпай, әрдайым көңіл - күйін көтеріп ұстау қажет. Стресті жеңудің бірден бір жолы - ол көтеріңкі көңіл - күй екен. Көңілі көтеріңкі ұстаздың сабағы да жақсы өтеді екен. Еңбегі де жемісті болады.. Олай болса гимназиямыздың педагог – психологтары Турсунова Баглан мен Кәдіршін Назерке осы мақсатта бүгінгі тренинг мұғалімдерімізге кішкентай да болса көмегін тигізеді деген оймен «Мұғалім мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингке 2 сыныптың сынып жетекшілері қатысты.

Директорға сұрақ қою