Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Мектебім – мейірім мекені

01.09.2025 жылы І. Есенберлин атындағы №67 гимназиясында 1-қыркүйек – Білім күніне арналған “МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға 1, 11-сынып оқушылары, ата-аналар, құрметті қонақтар мен гимназия ұжымы қатысты.

Салтанатты жиында алғаш мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерімізге гимназия директоры м. а. Сармантаева А. Е. және құрметті қонақтарымыз ізгі тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында 1-сынып оқушылары жыр-шумақтарын арнап, мың бұралған бишілеріміз би билеп, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Жиынның соңында “Алғашқы қоңырау” әні шырқалып, 1-сынып оқушыларының қоңырау сыңғырымен аяқталды.

Іс-шарадан соң 1-сынып оқушыларына “Менің Отаным – Қазақстан” атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DODl-JOjeT5/?igsh=Yzc0YXVrdXI5bmZm

Директорға сұрақ қою