"МЕКТЕП МИССИЯСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ ЖОБАЛАР" атты семинар
2022 жылдың 21 мамыр күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында «МЕКТЕП МИССИЯСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТИІМДІ ЖОБАЛАР» тақырыбындағы қалалық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты әрбір оқушыны дамыту мен мұғалімнің кәсіби шыңдалуына бағытталған гимназияның оқу-тәрбие үдерісінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік тиімді жобалар және зерттеу тәжірибелерін қала мектептері арасында бөлісу.
Мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылып отырған әрбір зерттеудің басында республикалық деңгейде тренерлік бағыттаушылар мен Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдістемелік қолдау танытудағы мамандары : «НЗМ» «ПШО» аға менеджері, жетекші мектеп үйлестірушісі Қ. С. Абдрахманова, «НЗМ» «Даму» қорының директоры, «SHARE» Action Research халықаралық жобасының бас үйлестірушісі Аюбаева Назипа Алтынбекқызы, «KERIM» Халықаралық Лигасы» Халықаралық фондының вице президенті,
ХБО «Global «САПА» директоры Т. С. Шингужинова, ББЖО әдіскері Баганалинова Раушан Болатовна, Балгинбаева Карина Галиахметовна, тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері Миралиев Бауыржан Койшыбекович, Джунусова Дамира Ернаровна.
Семинар 3 бөлімнен тұрды:
І. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕ: Домбырашылар ансамблі, «Қыл қалам» сурет көрмесі, «Отбасылық фотолар» стенд көрмесі, бастауыш сынып ата-аналармен жүргізілген «Бақытты отбасы» жобасының «Оқырмандар отбасы», «Қолөнер отбасы», «Зияткер отбасы» және 7- 8 сыныптарынан «Салауатты отбасы» бағыттары отбасылық құндылықтарымен бөлісті. Жаратылыстану бағытындағы зертханалық жұмыстары: «Фитобар» табиғи дәрумен шәйлер, «Гидропоника» зертханасы, «STEM» зертханасы, «Робототехника», мектеп парламентінің «Гимназия келбеті» газеті, дарынды оқушылардың ғылыми зерттеу жобаларын тамашалады.
ІІ. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР: семинардың негізгі бөлімінің ашылуында гимназия директоры Гүлжанат Асанқызы мектептегі шығармашылық көрме және тиімді тәжірибелер мен жобалардың секциялар бойынша практикалық жұмыстарымен таныса алатынын атап өтті. Сонымен қатар гимназияның өнерлі оқушыларының музыкалық шашулары арналды. Зертхана жұмыстары 3 бағытта көрсетілді, олар: «Lesson Study» cабақты зерттеу, «SHEAR» жобасы «AR»тәжірибесі, «Жүйелілік тұрғы негізінде оқыту» технологиясы.
ІІІ. ТИІМДІ ЖОБАЛАР бөлімінде секциялар бойынша практикалық жұмыстар тәжірибесіне арналды. Олар: «Мағжан педагогикасы», «Ғылыми бағдаршам», «Мен таңдаған жол», «Бірге оқимыз, бірге шешеміз», «Магистр сағаты», «РУХ» дебат клубы, «Bookworm» танымдық бағдарламасы, «Жас тілші» бағдарламасы, Ұстаздардың «Оқу клубы», «Есенберлин» музейінде "Есенберлин тағылымы" жобасы, "Есенберлинтану" курсы таныстырылды.
Семинардың қорытынды бөлімінде «Тренерлік десант» жобасы негізде мектеп тренерлері қатысушылардың кері байланысын ортаға шығарды. Семинар барысында танысқан қонақтар өз пікірлері мен жоғары бағалауын және ұсыныстарын жеткізіп, қала мектептерінен келген әріптестер өздеріне алған әсері мен кәсіби тәжірибе жетілдірудегі пікірлерін, ыстық ризашылығын білдірді.