Мен ІІІ тоқсаннан бастап…
Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияның өзін-өзі басқару ұйымы тарапынан ІІІ тоқсаннан бастап «Мен ІІІ тоқсаннан бастап…» атты ашық микрофон форматындағы челлендж ұйымдастырылды.
Аталған челлендж «Заң мен тәртіп» айлығы аясында өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпке деген жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ өз ойларын еркін әрі мәдениетті түрде жеткізуге баулу.




