11 «Е» сыныбында 2025 жылдың 01 қыркүйек күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен жетістіктерін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Отан туралы өлеңдер оқып, пікірталасқа қатысып, бейнематериалдар тамашалады. Қазақстанның тарихы мен қазіргі жетістіктеріне тоқталып, ел болашағы жастардың қолында екендігі айтылды.Сынып сағаты оқушылардың патриоттық сезімін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DOF-hhKjW1j/?igsh=MWk5bDE0OGN1Z2VwMg
