Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы

2024 жылдың 09 қаңтар күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясының тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сыйлауға баулу.
Бұл сайыс оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын, ойларын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. 9 сыныптар арасынан 10 оқушы қатысып, білімдерімен жарысты. Төрешілер әр кезеңін әділ бағалап, соңында қатысушыларды марапаттады.
#Оқуғақұштармектеп
#Біртұтас_тәрбие
#Өзін-өзі_басқару
#МектепПарламенті

Директорға сұрақ қою