«Оқуға құштар мектеп» жобасы
24 желтоқсан күні гимназиямыздың әлеуметтік желідегі парақшаларында оқушылар мен ұстаздар назарына «Оқуға құштар мектеп» жобасы жол тартты. Жоба аясында мектеп кітапханасынан әр сыныпқа алдын-ала оқулықтар берілген болатын. Сол тапсырманың негізінде 5 «и» және 5 «л» сынып оқушыларының қатысуымен алғашқы шығарылымдар жарияланды. Жоба қатысушылары өз сыныбына бөлінген кітаптардың мазмұнын гимназия оқушыларына ұсынады.