Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

«Отбасы және бала тәрбиесі»

Астана қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназияның 11.11.2022 ж. күні жұмыс жоспары бойынша «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында ата-аналарамен жиналыс өткізілді. Жиналысқа «Право» қоғамдық қордан арнайы психолог маман Ермекқызы К. шақырылып, ата-аналарға отбасындағы тәрбие жайында кәсіби қолдау, кеңес, сүйемелдеу жөнінде құнды ақпараттар берілді.

Гимназияның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Ж. Рахметуллин ата-аналарға балалық шақты қорғау жөнінде оң тәрбие мәселелеріне баса назар аударудың маңыздылығын айтып өтті. Гимназия психологтары Хуат А. Кәдіршін Н.Е. «Бақытты бала қаланатын, әр баладан үміт күтетін жайлы білім беру ортасы» гимназияның пайымы мен миссиясы жайлы ой қозғай отырып, ата-аналарға жүргізген семинар-тренингінде оқушыға отбасы мен мектепте сіңірілетін құндылықтардың маңыздылығын көрсетіп өтті. Практикалық бөлімінде «Бала тәрбиесіндегі модуль» түрлері жайлы ақпарат ұсына отырып, ата-анамен бірге талқылай келе, тәрбиелеудегі тиімді әдістерін дұрыс қолдану аса назарға алынды. Жиналысқа қатысқан ата-аналармен рефлексия орнатып, алған ақпараттардың құндылығы жайлы жағымды пікірлер айтылды.

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.41.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.42 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.42 (2).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.42.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.43 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.43.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.44.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.45 (1).jpeg

WhatsApp Image 2022-12-08 at 10.16.45.jpeg

Директорға сұрақ қою