Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

KZ
Директорға сұрақ қою

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ұстаздар оқу клубы» кезекті отырысы

Мамыр айының 14 жұлдызында Ілияс Есенберлин атындағы № 67 гимназияның «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ұстаздар оқу клубы» кезекті отырысын Бастауыш сынып бірлестігі ұстаздарымен өткізді. Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнымен Кайсарова Камажай Кабылбековна ,Жакупова Куляй Хаббибулловна,Сахабова Айжамал Сарсеновна,Боранбаева Толкын Туяковна,Смагулова Лаура Куанышбековна,Нугербекова Марал Сембековна, Сайлаубаева Рабиға Болатқызы, Ілияс Салтанат Нұрланқызы өз ойларымен бөлісті. Отырыс барысында сан түрлі тақырыпқа қалам сермеген қаламгер шығармасының таңдалу себебі, туған жерге деген махаббаттан тұратындығы негіз болды . Автор туралы толық дерек беріліп , әңгіме мазмұнына талдау жасалды. Тыңдаушы көрермендерге әңгіме идеясы талданып , мазмұны баяндалды. Оқырмандарға Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің идеясы барысында мынадай сұрақ қойылды.Жазушының қай шығармасы «Қаздар қайтып барады » әңгімесі идеясымен егіз іспеттес? Сұраққа жауап ретінде аталмыш жазушының «Қозыкүрең» әңгімесін оқу ұсынылды .
Тыңдармандар отырыс соңында ерекше әсер алғандарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Клуб жетекшісі:Смагулова С.Ж.

11.jpg

13.jpg

Виртуалды комиссия
Директорға сұрақ қою