"Сарыарқа" ауданының полиция департаментіне экскурсия
І. Есенберлин атындағы №67 гимназияның жас жол инспекторлары "Сарыарқа" ауданының полиция департаментіне барып, құқық қорғау органдарының жұмысымен танысты. Экскурсия барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы ақпарат беріліп, белсенділігі үшін мектепке алғыс хат пен оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шара олардың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ықпал етті. #Сарыарқа #ЖасИнспекторлар #67Гимназия #Қауіпсіздік