«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» тақырыбында лездеме
Сәуір айының 19 күні мектеп ұжымына ББ және ведомстволық бағынысты «І.Есенберлин атындағы №67 гимназия» ШЖҚ МКК «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» тақырыбында лездеме өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген I,II,III-тарау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, Қоғамдық кеңес мүшелерін, сарапшыларды тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.