«ТӘУЕЛСІЗДІК ТӨРІНДЕ ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚ»
11.12.2025ж. күні Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «ТӘУЕЛСІЗДІК ТӨРІНДЕ ЖАСАМПАЗ ҰРПАҚ» атты салтанатты мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушылар тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Оналбаева Г., Сулекеев К. Ахметжанова А. Музыка пәнінің мұғалімдері Калиева А, Әбет Е., Болатхан Д. Бекмұрат Қ., Шаяхметов К, Турсынова Б. оқушылардың шығармашылық өнерін көрсетті. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық жарыстарда жетістіктерге жеткен оқушыларды салтанатты іс-шараға қатыстырды. Тәуелсіздіктің салтанатын құруда, болашақтың іргесін қалайтын жас буын ұрпақтарымыз еліміздің Туын көкке көтеріп, әнін шарықтатып, күйі мен биін әуелетіп асқақтата түсті.
«Адал азамат» біртұтас тәрбиесі аясында жас ұрпақты елжандылыққа, жауапкершілікке, өз ортасына, қоғамға адал қызмет етуге баулу арқылы «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» жобаларымен үйлесімді байланыса отырып, оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталды.








