«TEDx» форматында әр түрлі салаларда жетістікке жеткен спикер тұлғалармен кездесу
«TEDx» форматында әр түрлі салаларда жетістікке жеткен спикер тұлғалармен кездесу
23-сәуір күні І.Есенберлин атындағы № 67 гимназияда әр түрлі салаларда жетістікке жеткен жастардың еңбегін насихаттау мақсатында «TEDx» форматында әр түрлі салаларда жетістікке жеткен спикер тұлғалармен кездесу болып өтті. Кездесуге 9-10 сынып оқушылары қатысты. Кез келген саналы адам өмірде табысқа, жетістікке жеткісі келеді. Оның орындалуын көксеп, іштей алдына үлкен-үлкен мақсаттар қойып, соған жету үшін бар күшін салады. Әрине, көздеген мақсатқа бірден жете қою мүмкін емес. Жолыңызда небір кедергілер кездесетіні сөзсіз. Сол кедергілерден мүдірмей өтуге жол көрсететін табысты жандардың тәжірибесі әрдайым басқаларға үлгі-өнеге.
Мектебімізде жетістікке жетіп жүрген, айрықша үлес қосып келе жатқан әріптестерімізге сөз берейік:
Заманбек А. -2023-2024 оқу жылында елеулі жетістікке жеткен ұстаз
Оразалы С. – халықаралық зерттеу конференцияларында тәжірибе бөлісіп жүрген ұстаз
Досова Н. Б. – халықаралық зерттеу конференцияларында тәжірибе бөлісіп жүрген педагог-зерттеуші ұстаз.
Бүгінгі іс-шараға қатысқан оқушыларға жетістікке жету жолында берер ең басты 5 кеңес ұсынылды: 1) Білім алуға, диплом алып жақсы бір маман иесі болуға тырыс. Сол үшін талмай еңбек ет. 2) Намысты, өрлі, өршіл бол. 3) Мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдықты бойына сіңір. 4) Көзінді ашып, дүниетанымыңды кеңейт. 5) Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, "ол жеткен жетістікке мен де жетемін" деген ұранмен өмір сүр,- деген кеңестер берілді.
Ұйымдастырушылар: Әмитова Ж.Б., Сагындыкова Д.Т.