Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

ТІЛ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ

23.09.2022 күні "Тілдер күні" айлығының нәтиже кеші өтті.Іс- шараға қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ,орыс тілі мен әдебиеті ӘБ,шетел тілдер ӘБ ұстаздары мен оқушылары қатысты.Кеш "Құстар" биімен ашылды.Жетекшісі:Тұрсынова Б.Б.10"Ә" сынып оқушысы Аубакиров Ақсұлтан "Балбырауын" күйін тартты.Жетекшісі:С.Ж.Смагулова."Қазақ тілі - ана тілі "әнін Құлмағанбет Айзере,Көмекбай Аяжан,Сәбит Інжу,Бақтыбай Ақзере,Жұмажан Айдана әуелетіп орындады.Жетекшісі:Алтын Өрікбаевна."Қазақ осы" термесін 8 "Е" сынып оқушысы Еділ Әділжан орындады.Жетекшісі: Г.К.Берекетова.Мұқағали Мақатаевтың "Бір бақытым" өлеңін 8"З" сынып оқушысы Сайран Әйгерім мәнерлеп оқыды.Жетекшісі: А.Е.Сармантаева.Қытай тілінде Есжанова Сабина өлеңді нақышына келтіре оқып,көрермендер ықыласына бөленді.Жетекшісі:Айгүл Қасен.9"В",8"З" сынып оқушылары Асылбек Аяужан,Айтымбет Шұғыла,Әлдембек Минура француз "Les yeux au flamme" әнін шырқады.Жетекшісі:Э.К.Дауренбекова."The Best" әнімен 7 "А" сынып оқушысы Хатиуллина Аянат сахнада ағылшын тілінде нақышына келтіре ән салды.Жетекшісі:С.Б.Мухамедиева.А.Заманбек жетекшілігімен " Бірлігіміз жарасқан" әнімен "Гармония" тобы ән шырқады."On ecrit sur les murs" әнін "Etoil"тобы 9"В"сынып окушысы Тұяқ Алияр,6"И" сынып оқушылары Тұяқ Заңғар,Жамбылбек Айнель,Бейсен Анелья 6"Ж" сынып оқушылары Рахимжанов Темірлан,Сейдімхан Аружан орындады.Жетекшісі:М.А.Диханбаева. Оқушылар"Если с другом вышел в путь" әнін орындады.Жетекшілері:Асемгуль Нурлановна,Алтынай Сергабыловна.8 "Е" сынып оқушылары"Бір сұлу қыз" өлеңін қазақша,немісше орындады.Жетекшісі:Асем Ақылбековна.Кешті Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия директоры Г.А Абдраманова ханым қорытындылап,қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ ұзтаздары Халқымыздың аса бай рухани қазынасы - туған ана тіліміз. Қазақ тілін құрметтеу тақырыбында өлең,жырларымен түйіндеді.Кешті қазақ тілі мен әдебиетін пәні мұғалімі: Ж.П.Жуманазарова жүргізсе,кешті қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: С.Ж Смагулова ұйымдастырды.


1.jpeg 2.jpeg 3.jpeg 4.jpeg 5.jpeg 6.jpeg

Директорға сұрақ қою