Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

2026 жылғы 3 қыркүйек күні №67 мектеп-гимназиясының 10-11 сынып оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға:

🔹 құқық бұзушылықтың алдын алу – ҚР ӘҚБтК-нің 442, 437, 435, 127-баптары бойынша;

🔹 буллингтің алдын алу және оның салдары;

🔹 жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіптің алдын алу және сақтық шаралары жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Профилактикалық түсіндіру жұмыстарын Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ ЮПБ ККБ полиция майоры Молдабекова Зульфия Ергешбайқызы жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік, қауіпсіздік және өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша нақты түсініктер алды.

 Құқықты білу – өзіңді және өзгелерді қорғаудың маңызды қадамы.

https://www.instagram.com/p/Dc0sMaHjonC/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Директорға сұрақ қою