Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

Заң – 30 секундта» челленджі

Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айында айқындалған «Заң және тәртіп» құндылығын насихаттау мақсатында мектебімізде бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде мектеп Парламенті мүшелері «Заң – 30 секундта» челленджіне белсенді түрде қатысып, жоғары жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстаным танытты.

Аталған челлендждің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру болды. Парламент мүшелері қысқа бейнероликтер арқылы заңның адам өміріндегі рөлін, құқық пен міндеттің өзара байланысын, тәртіп сақтаудың қоғам дамуына тигізер пайдасын нақты әрі түсінікті түрде жеткізе білді. Әрбір қатысушы заңға бағыну – адал азаматтың басты белгісі екенін өз көзқарасы арқылы көрсетті.

Челлендж барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытты, сонымен қатар көшбасшылық, жауапкершілік және белсенділік қасиеттерін шыңдады. Бұл іс-шара жас ұрпақты әділдікке, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

Директорға сұрақ қою