Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Директорға сұрақ қою

“Үздік оқырман”сайысы

11 қаңтар күні Ілия Есенберлиннің туғанына 109 жыл толу қарсаңында жоспарға сәйкес “Ұстаздар оқу клубы” ұйымдастыруымен мектепішілік ұстаздар арасында “Үздік оқырман”сайысы өткізілді.
Мақсаты: Мақсаты– Ілияс Есенберлиннің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, педагогтердің инновациялық және шығармашылық әлеуетін дамытуға қолдау көрсету.
Міндеттері:
• Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау;
• шығармаларын оқытуда инновациялық технологияларды белсенді пайдалануға ынталандыру;
• шығармалары мен еңбектерін кеңінен насихаттау;
• мұғалімдердің шығармашылық қабілеті мен инновациялық педагогикалық идеяларына қолдау көрсету;
• мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қолдау, ынталандыру;
• педагог қызметкерлердің ғылыми, зерттеушілік әлеуетін дамыту;
• педагог мәртебесін қалыптастыру;
• мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан өсуін ынталандыру;
• шығармашыл педагогтерге қолдау көрсетіп, бастамаларын сүйемелдеу.
“Үздік оқырман”сайысында Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда», «Ғашықтар» романы, «Праздник любви», «Қаһар» романы бойынша ұстаздарымыз REDX форматында ой бөлісті.
Сайысқа қатысқан ұстаздарымыздың әділ бағасын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Боданов Аманкелді Нұрланұлы берді
Сайысқа 4 әдіс бірлестіктен ұстаздар қатысып,белсенділік танытты.
Сайысқа қатысқан тарих пәні мұғалімі Тажибаева Гулнур Мынбаевна I орынмен,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабулова Бибигульсум Магдатовна II орынмен,математика пәні мұғалімі Ұзақова Гүлмайра Ақболатқызы III орынмен,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаксыбаев Думан Магзумович III орынмен марапатталды. Ұйымдастырушы:”Ұстаздар оқу клубы”жетекшісі Смагулова Сандугаш Женисовна.

Директорға сұрақ қою